torpedo logo

Финалдық ойындарға билеттерді сату басталды

Финалдық ойындарға билеттерді сату басталды

Құрметті жанкүйерлер! Сіздерді плей-офф кезеңінің финалдық ойындарына шақырамыз! Қарсыласымыз - «Арлан» (Көкшетау).

Билеттерге жоғарғы сұраныс және отыру орындарының шектеулі санына байланысты KASPI QR арқылы төлеу мүмкіндігі болмайды.

Матчтарға кіру тек қана сатып алынған билеттер және маусымдық абонементтер арқылы өткізіледі!

Билеттер тек қана Спорт сарайының кассасында сатылады!

Ересектер мен балалар үшін биллетердің бағасы – 500 теңге

Төлем қолма-қол ақша және банктік карта арқылы жасалады.

Үш жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін, бөлек орын берілмейді.

Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысының ардагерлері, 1 және 2 топтардың мүгедек жандар кассаға келіп, кезексіз билетті тегін алады. Міндетті түрде бұл категорияларға жататын адамдар кассаның қызметкеріне құжатты көрсетуі тиіс.

Билеттер Спорт сарайының кассасында 10 сәуір күні (бейсенбі) басталады.

Кассаның жұмыс істеу уақыты:

10 сәуір (бейсенбі) -  10:00 - 17:00 (үзіліс 13:00 - 14:00)

11 сәуір (жұма) - 10:00 - 17:00 (үзіліс 13:00 - 14:00)

12 сәуір (сенбі) - 10:00 - 17:00 (үзіліс 13:00 - 14:00)

13 сәуір (жексенбі) 10:00 - 17:30 (үзіліс 13:00 - 14:00)

14 сәуір (дүйсенбі) - 14:00 - 17:00

15 сәуір (сейсенбі) - 14:00 - 20:00

Құрметті жанкүйерлер! Спорт сарайына кіру билеттер арқылы өткізіледі, билеттер отыратын орындарға сай болуы тиіс!

Ойындарға кіру бір сағат қалған кезде басталады:

13 сәуір 16:00 (ойын 17:00-де)

15 сәуір 18:30 (ойын 19:30-да)

Құрметті жанкүйерлер! Сіздерді қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамыз! Бір бірімізге құрметпен қарап, командамыздың жеңісіне бірге үлес қосайық!

Пресс-служба ХК «Торпедо»

При использовании материала с сайта ссылка на источник обязательна


Четверг, 10 апреля 2025 11:30
Прочитано 1474 раз
Билеты on-line

Календарь игр

Следующий матч | Предыдущий матч

Pro Hokei Ligasy

«Барыс-Арена»

- : -
19.12.2025 (19:00)

Календарь игр

Следующий матч | Предыдущий матч

Pro Hokei Ligasy

«Барыс-Арена»

2 : 4

(1:1, 0:1, 1:2))

18.12.2025 (19:00)

Pro Hokei Ligasy

2025/2026

Регулярный сезон

#КлубИШО
1Nomad33134–7254
2Saryarqa33128–6552
3Torpedo33133–6150
4Arlan36110–9249
5Qulager3494–8142
6Almaty3596–10833
7Beibarys3294–8531
8Gornyak34102–12227
9Aqtóbe3352–12413
10Ертiс3137–1705